Елбасы Жарлығымен Астана қаласының шекарасы кеңейтілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.

***

Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар  Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып  өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

        Президенті                                                                                   Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 6 ақпан

            № 418

null

 

 

Соңғы жаңалықтар