Елбасы үйлерін дөңгелек резеңкелерімен жылытатындарға айыппұл салуды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада сапасыз отынды пайдаланатындарға жауапкершілікті арттыруды тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Келесі мәселе: Астана - жасыл қала. Бұл біздің бәріміздің жұмысымыз. Астана экологиялық тұрғыда таза қала болуы керек. Отынның сапасы бақылануы тиіс. Талапты күшейткен жөн. Жеке тұрғын үйлерде шиналарды отын қылып жағады. Одан қап-қара түтін шығады. Ешкім қарап отырған жоқ. Айыппұл салмайды. Сондықтан, қалаға келіп жатқан жанармайдың сапасын бақылауда Энергетика министрлігі көмектесуі керек. Бұны нақты (шиналарды отын еткендер үшін - авт.) анықтап, айыппұл салынуы тиіс», - деді Назарбаев Елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте.

Мемлекет басшысының назарынан газдандыру мәселесі де тыс қалған жоқ.

«Әлбетте, Астананы газдандыру бойынша бәріміз жұмыс істеп жатырмыз. Автобустарды газға ауыстырып жатырсыздар. Менің ойымша, ары кеткенде екі жылдың ішінде қалаға газ әкелеміз деген ойдамыз. Бұл жұмысқа дайын болуымыз керек. Газ құбырының магистралі келетіні келеді ғой, бірақ халыққа қалай таратамыз? Осыны ескеру керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар