Елбасы үндеуінде жастар мәселесіне басты көңіл бөлінгені қуантады - профессор Жамбыл Айменов

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Елбасы үндеуінде жастар мәселесіне басты көңіл бөлінгені қуантады. Себебі, бүгінгі жастар - жарқын болашаққа апаратын алтын көпір. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  проректоры, профессор Жамбыл Айменов осындай пікірде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тарих ғылымының докторы әрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жамбыл Талхаұлы  Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында, күнделікті жұмысында  жастар мәселесін ұмыт қалдырмайтынын, мемлекет тарапынан оларға деген қамқорлықты ұлғайта түсіп отырғанын айтады. Ал, күні кеше Елбасымыз Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жарияланған үндеуде   жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша бастамалар қамтылғанын ерекше ықыласпен қабылдағанын жеткізді.
null

«Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастаманы жоғары білім сапасы мен оның қолжетімділігіне жасалған тағы бір қадам деп есептеуге болады. Бұл қазақстандық жастарды қызықтырады әрі үміт сыйлайды. Бұл бастама Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында қажет болатын мыңдаған жаңа мамандарды әзірлеп шығуға мүмкіндік береді»,- дейді Жамбыл Айменов.

Бүгінде проректор қызмет ететін  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 17 мыңнан астам жастар білім алуда. Студенттердің  үштен бір бөлігі мемлекеттік грант есебінен оқып жатыр. Басым бөлігі техникалық мамандықтарды меңгеруде.
null

«Елбасы өз Үндеуінде жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қазір жыл сайын бөлінетін гранттардың санын көбейтуді тапсырды. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болатындығы университет ұжымының зор құлшынысын тудырып отырғандығы жасырын емес. Халқының негізгі үлесін жергілікті ұлт өкілдері құрайтын Оңтүстік Қазақстан облысы үшін де бұл бастаманың берері мол деп есептейміз. Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді»,-дейді профессор.
null

Оның пікірінше,  техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орындарының гранттары деңгейіне дейін көтеру мәселесі аймақтың жоғары оқуорындарының мәртебесін арттыруға септігін тигізеді. Бұл бастамалардың  барлығы іс жүзінде жастардың сапалы білім алуына, парасатты тұлға болып қалыптасуына,  кәсіби маман  ретінде өмірден өз орнын табуына жасалып жатқан қамқорлық, олардың  болашағына деген сенімді бағдар болмақ.

Соңғы жаңалықтар