Елбасы тапсырмасын орындауға өндіріс орындарының мүмкіндігі жетеді - БҚО әкімі

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасы тапсырмасын орындауға облыстағы өндіріс орындарының мүмкіндігі жетеді. Бұл туралы бүгін облыс активінің жиналысында өңір басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру мәселелеріне тоқталған облыс әкімінің айтуынша, өнеркәсіптік компаниялар өндіріске тың технологияларды енгізуі тиіс. Бұған олардың мүмкіндігі жетеді. Өндіріс ошақтарының дені қазірдің өзінде материалдық-техникалық жағынан жаңғыртылып, өндіріс көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.

Екіншіден, Президент табиғи байлықты тиімді пайдаланып, соған орай ақпараттық-технологиялық тұғырнамаларды белсенді түрде енгізу міндетін қойып отыр. Әсіресе, баламалы энергия көзінің үлесін 2030 жылға қарай 30 пайызға жеткізу көзделуде. Бұл ретте Батыс Қазақстанда қолға алынған финдік технологиялар құрылыс саласына кең көлемде енгізілетін болады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің алаңында болған келіссөздердің нәтижесінде қол жеткізілген жаңа технологиялар жасыл экономикаға жол ашады. Орал қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстары жүзеге асырылады.  Сонымен қатар облыс орталығын жарықтандыруда қолданылған қуат үнемдеуші шамдар алдағы уақытта да кеңінен пайдаланылады.
null 

Үшіншіден, «ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

Ауыл шаруашылығының алға қадам басуы үшін аграрлық университеттерде оқу бағдарламасы жаңартылады. Ғылыммен айналысатын мамандар дайындалады. Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдер енгізіледі. Бұл тұрғыда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің әлеуеті зор. Елбасының тапсырмасы бойынша 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты кем дегенде 2,5 есеге артуы қажет. Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Иран еліне тасымалданған марқа еттерін айтуға болады. Биыл да осы қарқын төмендемес үшін жаңа технологиялар енгізіледі.

«Индустрияландыру күні Елбасының алдында ашылған жылына 7 мың тонна құс етін өндіретін фабриканың, сондай-ақ «Кублей» және «Желаев» макарон өндіру кәсіпорындарының еуропалық мемлекеттерден алынған құрылғылар арқылы техникалық тұрғыда жаңғыртылғанын атап өтуге болады. Осы саладағы өзге кәсіпорындар да осылай жаңғыруды қолға алуы тиіс», деген Алтай Көлгінов басқа салаларда атқарылуы тиіс жұмыстарды да атап көрсетті.

Жиынға қатысушылар Жолдауды қолдайтындықтарын білдіріп, тиісті қарар қабылданды.

Соңғы жаңалықтар