Елбасы тапсырмасы: Жаңа онкологиялық орталық қай жерде салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабаев заман талабына сай онкологиялық орталықты салуды тапсырған болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, жаңа онкологиялық орталық Назарбаев Университеті негізінде құрылатын болады.

"Қазіргі кезде қажетті жобалау құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды жасап жатырмыз. Бірінші тоқсанның аяғына дейін құжаттар дайын болады. Содан кейін Үкімет қаржыландыру көлемін қолдауы қажет. Сөйтіп, Назарбаев Университетінің Медицина орталығы негізінде жаңа онкологиялық орталық құрылады", - деді Е.Біртанов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында ғылыми онкологиялық орталықты құру міндетін белгіледі. «Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет», - делінген «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Мемлекет басшысының Жолдауында.

Академик Жақсылық Досқалиев та осы тапсырмаға қатысты өз пікірін білдірді.

Соңғы жаңалықтар