Елбасы сөзіне жазылған «Отан Ана» атты жаңа ән орындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған «Отан Ана» атты ән орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кеткен жөн, бүгін сессияның пленарлық отырысы мәдени ұжымдардың концертімен жалғасты. Концерттің орта шенінде жүргізушілер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған «Отан Ана» атты әннің орындалатынын жариялады. Осы кезде төрт әнші квартет болып жаңа туындыны шырқады. Артында тұрған хор қайырмасына қосылды. Ал артқы экранда Президент түскен бейнекөріністер, Қазақстанның кең байтақ жері, «Байқоңыр» ғарыш айлағы көрсетілді. Бейнебаян Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз анасымен бірге түскен портреттік суретпен аяқталады.

Айта кетейік, бүгін Президенттің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІ сессиясы өтті.  Сол жерде  Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Президентке «7-20-25» бағдарламасы туралы мәлім етті. Мемлекет басшысы аталған бастамааясында арзан ипотеканы алдымен жас отбасыларға беруді ұсынды.  Мемлекет басшысы өз денсаулығына қалай қарайтынын да айтып берді. 

Соңғы жаңалықтар