Елбасы: Сергей Дьяченко еліміздің дамуына қомақты үлес қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қайраткері Сергей Дьяченконың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы С.Дьяченконың мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдап, марқұмның отбасына көңіл айтты.

«Ол ұзақ жылдар мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарып, Парламент Мәжілісінде депутаттық өкілеттігін абыроймен орындап, еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық тұрғыдан дамуына қомақты үлес қосты. Отанымыздың нағыз патриоты ретінде өзінің бар ойы мен атқарған ісін Қазақстан Республикасының игілігі жолына арнады. Оның ерен еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді», - делінген жеделхатта. 

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев С.Дьяченконың жарқын бейнесі оны білетіндердің жүрегінде әрдайым сақталатынына сенім білдірді.  

 

Соңғы жаңалықтар