Елбасы сапары: Қазақстан мен АҚШ ғарыш саласында ынтымақтаспақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен АҚШ ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына іс-сапары барысында ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды.

ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті мен АҚШ Ішкі ресурстар департаментінің АҚШ Геологиялық қызметі («USGS») арасында Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен кеңістіктік мәліметтер инфрақұрылымын дамытуға бағытталған хатына қол қойылды.

Сондай-ақ, ҚР ҚАӨМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен геоақпараттық жүйелердің сапасы мен өнімділігін арттыратын ақпараттық технологиялардың жетекші әлемдік жеткізушісі «Hexagon Geospatial» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты Жерді қашықтықтан зондау қазақстандық ғарыштық жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған заманауи геокеңістіктік ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдар саласындағы жақтардың ынтымақтастығы болып табылады.

«Ғалам» ЖШС пен спутниктік байланыстың жерүсті инфрақұрылым саласындағы әлем көшбасшысы «iDirect» компаниясының арасында да ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 Аталған меморандум түрлі мақсаттағы спутниктік байланыс жүйелерін, сондай-ақ өзара қызығушылығын тудыратын басқа да өнімдер мен қызметтерін жасау кезіндегі жақтардың ынтымақтастығы мен өзара іс-әрекеттілігін көздейді. 

Бұдан басқа, ҚР ҚАӨМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығы «ESRI» компанияның өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында «ESRI»  серверлік платформасын Қазақстан Республикасының ғарыштық бақылауында қолдану мүмкіндіктері, сонымен қатар ҚР ЖҚЗ жүйесінің ғарыштық суреттерін жүзеге асырумен байланысты мәселелер талқыланды.  

null null 

Соңғы жаңалықтар