Елбасы «Самұрық-Қазына» қорының жаңарған Даму стратегиясы мен Трансформациялау бағдарламасын қолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес отырысы барысында қордың 2018-2028 жылдарға арналған жаңарған Даму стратегиясымен және Трансформациялау бағдарламасымен танысып, мақұлдап, оның әрі қарай жүзеге асырылуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Жиынға «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚР Үкіметі, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың жетекшілері қатысты.

Кездесуді ашқан Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық экономиканы нығайту және одан әрі дамыту ісінде «Самұрық-Қазына» жұмысының стратегиялық маңызға ие болып отырғанын атап өтті және Қорды дамыту үшін атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, бұған дейін қабылданған бағдарламаларды қазіргі жағдайларға сәйкес жаңарту қажеттігін айтты.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Қорды дамыту жөніндегі алғашқы ұзақ мерзімді стратегия 2012 жылы қабылданды. Ол әлемдік қаржы дағдарысының салдарына қарсы тұру мақсатымен әзірленген болатын. Соңғы жылдары ахуал өзгерді. Экономикамыз сыртқы факторлардың әсеріне төтеп беріп, орнықты даму жолына түсті. Көп жұмыс атқарылды, - деді ол.

Президент «Самұрық-Қазына» жұмысының қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға және ел экономикасын көтеруге бағытталуы керек екендігіне баса мән берді.

«Дамудың жаңа стратегиясы мен Трансформациялау бағдарламасы Қор жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, ұлттық экономиканың одан әрі дамуына да ықпал етеді. Осыған орай Үкімет Қор басшылығымен бірлесіп, осы бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс жүргізуі қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыс барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы - Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» АҚ тәуелсіз директоры Ричард Эванс есептерін ұсынды.

Соңғы жаңалықтар