Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тәуелсіз директорын қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Ричард Эвансті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ричард Эванс Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет ұсынып, холдингті трансформациялау барысы туралы есеп берді.

Тараптар акционерлік қоғамды одан әрі дамыту перспективалары мен оның тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ричард Эванс Қазақстанның көлік-логистика саласының өзекті мәселелерін және Астананың өңірлік көліктік хаб ретінде қалыптасу мүмкіндіктерін талқылады.

Еліміздің экономикалық даму үдерісіндегі өскелең ұрпақтың рөлін арттыру мәселелері де қаралды.

Соңғы жаңалықтар