Елбасы Путинмен Сирия бойынша кездесудің қорытындысын талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында биылғы 30-31 қазанда Астанада Сирия мәселесі бойынша өткен халықаралық кездесудің кезекті раундының қорытындыларын талқылады. Тараптар Сириядағы жағдайды толығымен реттеу үшін Астана процесін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын ерекша атап өтті.

Президенттер сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын қарастырды. Форум биылғы 9 қарашада Челябинск қаласында өтеді.

Бұдан бөлек, екі елдің көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастардың және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар