Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -  ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Жиынға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, бірлескен отырысқа ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Үкіметінің мүшелері толық құрамда, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып отыр. 

Жиын барысында Мемлекет басшысы сөз сөйлейді деп күтіледі. 

Еске сала кетейік, 2 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар