Елбасы Өзбекстанмен екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Самарқанд қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың ахуалын жоғары бағалап, оларды әрі қарай дамытудың перспективаларын талқылады.   

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, өзара сауда айналымының ұлғайғаны, екі елдің бизнес қауымдастығы өкілдері арасында табысты байланыстар ілгерілеп келе жатқаны атап өтілді.    

Қазақстан Президенті халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да екіжақты ықпалдастықтың табысты болып отырғанын айтты.

Бұдан бөлек, Самарқанд қаласына жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевпен бірге «Хазірет Қызыр» мемориалды кешеніне барып, Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтің рухына тағзым етті. 

Сондай-ақ, екі мемлекет халқына ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекет басшысы Өзбекстан  Президентімен бірге Самарқанд қаласының бірқатар мәдени-тарихи орындарын аралап көрді. 

Соңғы жаңалықтар