Елбасы «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы Жарлыққа өзгерістер енгізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Жарлыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

***

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің                   2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім беру гранты тағайындалсын.»;

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін;».

2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                                                                                                   Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы  21 қыркүйек

                         № 340

 

Соңғы жаңалықтар