Елбасы ОА елдері жайлы: Аймақ қауіпсіздігін бірлесе сақтауымыз қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерінің интеграциясы турасында өзінің ойымен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Президент Астана клубы қатысушысының сауалына жауап бере келе, Орталық Азия одағын құру туралы бастаманы еске алды. Ол кезде экономика позицияларының әртүрлі болуы одақты құруға мүмкіндік бермеген.

«Менің ойымша, арада ширек ғасыр өткеннен кейін бізге, яғни тарихы мен діні, мәдениеті мен менталитеті бір мемлекеттерге бірге болуды, аймақтың қауіпсіздігін бірге сақтауды Құдайдың өзі бұйырған секілді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Өзбекстанмен қарым-қатынастың дамуын да тілге тиек етті.

«Мен Өзбекстанның экономикасында түбегейлі өзгерістер болып жатқанын байқап отырмын. Бар-жоғы бір жылдың ішінде біздің елдердің шекаралары ашылып, сауда-саттық 30 пайызға артты. Бірлескен кәсіпорындар ашылып, адамдар бір-бірімен араласа бастады. Мәдени байланыс орнады. Мен бұл бағыттағы жұмысқа қуана отырып қолдау білдіремін», - деді Елбасы.

Президент атап өткендей, Орталық Азия елдері біреуге қарсы тұру үшін емес, халықтардың гүлдене түсуі үшін бірігуі керек.

«Мен осылай болар деп үміттенемін. Бізді Құдайдың өзі көрші қылған», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар