Елбасы мамандандырылған тергеу соттарын құру туралы Жарлыққа қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мамандандырылған тергеу соттарын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мамандандырылған тергеу соттарын құру және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадр мәселелері туралы» № 620 Жарлығымен елімізде мамандандырылған тергеу соттарын құру қаулы етілді.

Құжатқа сәйкес, Ақмола облысы Көкшетау қаласының; Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының; Алматы облысы Талдықорған қаласының; Атырау облысы Атырау қаласының; Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының; Жамбыл облысы Тараз қаласының; Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының; Қарағанды облысы Қарағанды қаласының; Қостанай облысы Қостанай қаласының; Қызылорда облысы Қызылорда қаласының; Маңғыстау облысы Ақтау қаласының; Павлодар облысы Павлодар қаласының; Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының; Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соттары құрылады.

Сонымен қатар Астана және Алматы қалаларының мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары құрылатын болады.

Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар