Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 326.97
EUR 381.05
RUB 5.45
CNY 48.44

Елбасы мақаласында біртұтас ұлт болу үшін жаңғырудың басты шарттары айқындалды

Елбасы мақаласында біртұтас ұлт болу үшін жаңғырудың басты шарттары айқындалды
2017 жылғы 21 сәуір 17:02 1022

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ­стан Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында біртұтас ұлт болу үшін жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарттары ерекше айқындалып берілген. Бұл туралы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымының Елбасына жолдаған хатында келтірілген.

«Сіздің Республикамыздың экономикасын, білімі мен ғылымын, мәдениеті мен өнерін өркендету жолындағы еселі еңбегіңіз бүкіл дүниежүзіне жақсы мәлім! Елімізде өнердің барлық салаларын дамытудың Мемлекеттік бағдарламаларын дамытуға негіз болатын инновациялық жобаларыңыз, теория мен тәжірибені өзара сабақтастыру, оқу жүйесін жетілдіру арқылы қазақстандық Білім мен ғылымның, мәдениет пен өнердің сапасын әлемдік деңгейге көтеруге сіңірген сүбелі табысыңыз баршамызға үлгі», деп жазады Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы.

ЖОО ұжымының хатында, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында біртұтас ұлт болу үшін жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарттары ерекше айқындап берілгендігі атап көрсетілген.

Сонымен қатар, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асырудың қажеттігі туралы нақты мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдалған.

«Әлем жұртшылығына мәдени қазыналарымызды таныстырудың жаңа тәсілдерін ойластыру қажеттігін тапсырдыңыз. Қазақстанды әлемнің дамыған елдерінің қатарына жетелейтін Сіздің «Мәңгілік ел» ұлттық идеяңызды жүзеге асырудағы елеулі қадамдардың бірі - мәдениетпен тығыз байланысты екендігіне баса көңіл бөлуіңіз, ұлт болашағына деген үлкен жанашырлығыңыздың жарқын дәлелі болып отыр», - делінген хатта.

Өнер академиясының ұжымы төл мәдениетімізді әлемнің барлық құрлықтарына таныстыру ісіне белсене араласатындықтарын мәлімдеді.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіз ел басқару қызметіндегі саяси-дипломатиялық ұстанымдарыңызды, жүйелі бағдарламаларыңыз бен іскерлік тәжірибеңізді қазақ ұлтының болашағына арнап, Қазақстан Республикасының әлемдік деңгейде көрінуіне зор үлес қосудасыз. Қашанда халқыңыздың қалаулысы, еліңіздің елеулісі болып ел мәртебесін асқақтату жолында алда койған мақсаттарыңыздың жүзеге асуына ниеттестік білдіреміз! Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, еңбегіңізге жеміс тілейміз!», - деп жазады өнер ұжымы.

Басты сөздер: Рухани жаңғыру, ЖОО-лар, Мәдениет, Туған жер,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер