Елбасы Лондон қаласында болған терактіге байланысты көңіл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі Тереза Мэйге Лондон қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Ұлыбритания Парламенті маңындағы террорлық акт салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза болғаны туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Бұл қастандық әрекетті бүкіл өркениетті әлемге қарсы бағытталған террорлық акт деп санаймыз. Біріккен Корольдіктің халқы мен үкіметіне, сондай-ақ зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, жеделхатта Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайтыны, халықаралық қоғамдастықты зұлымдықпен күресу үшін күш жұмылдыруға шақыратыны атап өтілген.

Соңғы жаңалықтар