Елбасы күніне неше құжатқа қол қояды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық телеарнасындағы "Түнгі студия" бағдарламасына қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев күніне неше құжатқа қол қоятынын жəне телеарналардың негізі мақсаты қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қай телеарнаны, болмаса, қай бағдарламаны көріп тұрасыз?» деген сұраққа жауап бере отырып, Елбасы: «біреуіңді көремін, біреуіңді көрмеймін деп айтсам, ренжіп қаласыңдар ғой. Шынын айтқанда, біздің жұмысымыз қиын. Көп ойлау керек, көп мəселені шешу керек. Күніне 300-400 құжатқа қол қоямын. Əрбір қол бір мəселені шешеді. Теледидардың бір жақсы жері, теледидар көрсең, көп нəрсені ұмытып, ми тазаланады. Сондықтан, жақсы бір нәрсе көрсең, қандай ғанибет» - деді.
Мемлекет басшысы айтқандай, телеарналардың негізгі мақсаты - бір нəрсені үйрету, жаңалыққа құмар қылдыру.
«Ақпарат құралдарының, теледидардың негізгі мақсаты - үйрету, оқыту болса керек. Бір жаңа нəрсені үйрететін болса, адамға ең керегі сол»,-деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қараша күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚазМедиаОрталығына барып, БАҚ басшыларымен кездескен.

Соңғы жаңалықтар