Елбасы көз жанарынан айырылған белгілі музыкантқа тілегін білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көзі көрмесе де, өнерімен көпті тәнті етіп жүрген Саида Халықоваға ізгі тілегін білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Саида Халықова пианинода еркін ойнайтын білікті музыкант. Италияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша 3 жыл білім алған талантты қыз елге ойланбай оралған екен. Бала күнінде көзіне жасалған операция Саиданы қос жанарынан айырған. Сол кезден бастап жігері жасымаған ол, музыка әлеміне қызығып, классикалық бағыттағы шығармаларды тыңдаған.

Талмай ізденісінің арқасында Саида 4-сыныпта оқып жүргенде-ақ алғашқы концертін берген екен. Қазір музыкант жылына 2 рет шығармашылық кешін ұйымдастырады. «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген музыкантқа Қазақстан Президенті ізгі тілегін білдірді.

«Рахмет, Саида! Осы жолмен жүре бер. Сен қанша жасқа өнеге боласың. Адамның мүмкіндігінің шексіз екенін көрсетесің. «Бақыттымын» дедің, бақытты бол! Ұзақ ғұмыр тілеймін! Әлі талай шығармалар жазасың. Қуантасың бізді...», - деп тілек білдірді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «100 жаңа есім» жобасының 102 жеңімпазымен кездес ті. Қазақстанның туын биікке көтерген спортшылар мен ақ халатты дәрігерлер, меценаттықпен көзге түскен белді кәсіпкерлер мен ғалымдар, мәдениет пен қоғамдық салада ел аузында жүрген азаматтар Елбасының жылы лебізіне бөленді.

null 

Соңғы жаңалықтар