Елбасы Қостанайда «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылатын электромобиль үлгілерімен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі жұмыс сапары барысында Қостанайдағы «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы кондитерлік фабрикадағы бисквит цехы өндірісінің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, кәсіпорынның басымдығы бар жобалары мен дайын өнім үлгілері Елбасы назарына ұсынылды.

Бұған қоса, Қазақстан Президенті тамақ өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібі өнімдері көрмесінің  экспозициясын аралап көрді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өңірдегі ірі кәсіпорындар шығаратын электромобиль үлгілерімен танысты. Олар «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде көпшілік назарына ұсынылатын болады.

***

Қазіргі таңда кәсіпорында 1,5 мыңдай адам еңбек етеді. Кәсіпорын өз тауарын Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Германия, Қытай және т.б. бірқатар елдерге экспорттайды.  

Соңғы жаңалықтар