Елбасы Қазақстанның басты басымдылықтарын атады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылы елімізде өтетін маңызды оқиғалар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД және ҰҚШҰ арналарынындағы іс-қимылға ерекше мән беретіндігін білесіздер. Еліміздің сыртқы саясатындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелерінің мәні зор. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан жақсы экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді. Экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайту, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық негізгі бағыттарымыздың бірі. Біз сауда-саттық көлемін ұлғайтып, өндірісті өркендету үшін тиімді инвестиция әкелуге мүдделіміз. 2017 жылы Қазақстан бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингі бойынша 190 елдің арасында 36 орынға ие болды», - деді бүгін Ақордада бірқатар шетелдің Төтенше және Өкілетті Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы  «ЭКСПО-2017» көрмесі барысында жасыл технологияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық пен ІТ стартаптардың халықаралық технопаркі құрылғанын да атап өтті.
null 

«Астана халықаралық қаржы орталығының қызметін жандандыру Қазақстанның басты басымдықтарының бірі. Осыған орай сіздерде халықаралық қаржы орталығын дамытуға ат салысып, оның игілігін көруге шақырамыз. Өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстандағы зор мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану қажет», - деді Елбасы.  

Елбасы ағымдағы жылы елімізде бірқатар маңызды халықаралық іс-шаралар жоспарланып отырғандығына тоқталды.

«Атап айтқанда, Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 6-шы съезі, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы өтеді. Осы бас қосуларға сіздердің елдеріңіз белсене қатысады деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев сөз соңында Елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің басталуымен құттықтады. 
null 

«Қазақстандағы дипломатиялық қызметтеріңіздің басталуымен тағы да сіздерді құттықтаймын. Еліміздегі атқарған жауапты  қызметтеріңіз табысты, әрбір күндеріңіз сәтті болсын. Баршаларыңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар