Елбасы: Қазақстан-Түрікменстан арасында өзара түсіністік қалыптасқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түрікменстан арасында жоғары деңгейдегі өзара түсіністік қалыптасқан. Бұл туралы бүгін Ақордада шетел Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Түрікменстанмен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан ары нығайтуға ниетті. Бүгінде Қазақстан мен Түрікменстан Орталық Азиядағы тату көршілік қарым-қатынас байланыстыратын бауырлас ел. Мемлекеттеріміз арасында сенімді және конструктивті диалог, негізгі салаларда жоғары деңгейдегі өзара түсіністік қалыптасқан. 2017 жылдың сәуір айындағы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың Астанаға мемлекеттік сапары, менің өткен жылдың қыркүйегіндегі Ашхабадқа жұмыс сапарым барлық бағыттардағы мемлекетаралық қарым-қатынас тарихымыздың жаңа кезеңін ашты»,-  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті стратегиялық әріптестік жөніндегі шарт, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекараларды демаркациялау туралы келісім сынды маңызды тарихи құжаттарға қол қойылуы екі жақты қарым-қатынасты сапалы деңгейге көтергенін атап өтті.

Ал Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне брифинг өткізген Түрікменстан Елшісі Тойлы Комеков қазақ-түрікмен арасында барлық бағыттар бойынша стратегиялық серіктестік мығым орнағанын баса айтты.

«Түрікменстан мен Қазақстан халықаралық істерде үнемі бір-бірін қолдап отырады. Түрікменстан барлық уақытта да қазақстанмен өңірде және әлемде де тұрақты даму бойынша маңызды бастамалар көтереді. Біз Қазақстан Үкіметі мен Мемлекет басшысының үнемі қолдауына ризашылық білдіреміз», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шет мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Олардың қатарында Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Елшісі те Тойлы Комеков болды.

Салтанатты шара барысында Елшілерге сөз арнаған Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылы елімізде өтетін маңызды оқиғалар туралы айтты. 

Соңғы жаңалықтар