Елбасы Қазақстан мен Ресей өңіраралық форумының пленарлық отырысына қатысты

None
None
ЧЕЛЯБИНСК. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумының пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын алдында Нұрсұлтан Назарбаев осы шараны ұйымдастырғаны және қонақжайлылық танытқаны үшін ресейлік әріптестеріне ризашылық білдірді.

«Ең бірінші кезекте осы кездесуді ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді. Мен Челябинск қаласын жас кезімнен бері білемін. Металлург ретінде қаладағы ірі өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істеп, тәжірибе жинадым. Бұл өнеркәсіптің ірі орталығы», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы өңіраралық форумдарды жыл сайын өткізу Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарының ажырамас және маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті.

«Бүгін екі ел арасындағы ХІV өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізіп жатырмыз. Бұл біздің қарым-қатынастарымыздың ажырамас, маңызды бөлігіне айналды. Өңірлеріміз бір-біріне жақындай түсті. Өңірлер басшыларының кездесулері өтуде, әртүрлі экономикалық және мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Олар Ресей мен Қазақстан арасындағы ХХI ғасырға бағдарланған достық пен ықпалдастық туралы негізгі Келісімді нақты мазмұнмен толықтыруда. Адами капиталды дамытуға арналған форумымыз нақты осы жерде, Челябинскіде өтіп жатқаны тегін емес. 2005 жылы осы жерде, екінші форум барысында шараны жыл сайын өткізу туралы келіскен болатынбыз», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар