Елбасы кәсіпкерлік қызметті жақсартуға бағытталған түзетулерге қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталмыш Заң азаматтық және банктік заңнаманы жетілдіруге, Дүниежүзілік Банктің «Doing business» рейтингінде Қазақстанның орнын жоғарылатуға бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Соңғы жаңалықтар