Елбасы Есімовке, Үшкемпіровке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы не үшін берілгенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовке, Руслан Қуатовқа және Жақсылық Үшкемпіровке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Ахметжан Смағұлұлы Есімовке берілді. Ол менің сенімді серіктестерім ретінде Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалауға үлес қосты. Үкімет басшысының орынбасары, министр, Алматының әкімі қызметінде болып ел дамуына ерекше еңбек сіңірді. Ел мүддесін берік ұстайтын отансүйгіш  ретінде өзін көрсетті. Биыл бәріміз куә болған, абырой мен бедел әкелген халықаралық «ЭКСПО» көрмесін өте табысты өткізді», - деп атап өтті Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» ЖШС-нің менеждері Руслан Қуатовқа да осынау жоғары атақты табыстап, оның мұнай өндіруді тиімді технологиямен жабдықтау ісіне,  халықаралық серіктестермен байланысты жолға қоюға үлкен үлес қосқанын атап өтті.

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен Жақсылық Өмірбекұлы Үшкемпіров марапатталды. Ол бәріңіз білесіздер, даңқты палуан. Дүниежүзі және Олимпиада ойындарының чемпионы. Халқымыздың атын сол кезден танытып келе жатыр... Бүгінде ірі шаруашылығын басқарып отыр. Ауылды өркендетуге ерен еңбегін 20 жылдан бері сіңіруде. Өзі басқаратын шаруашылықты жоғары дәрежеге жеткізді. Ол шығаратын ет бүгінде Ресейге, Қырғызстанға, барлық елдерге сатылуда. Елдің арасында абыройы үлкен. Қазір өз жұмысын ғана орындап қоймай, туған еліне адал қызмет етудің үздік үлгісін көрсетіп келеді. Өз қаржысына ауылда көпсалалы спорт кешенін, балабақша, жас отбасыларға үй салғызды. Мұнан өзге де үлкен нысандар салып, ауылдағы елдің алғысына ие болды»,-  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар