Елбасы Ертіс өзеніндегі көпір өткелінің құрылысымен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысына Павлодар облысына сапары барысында ауқымды нысан құрылысының барысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан «Орталық-Шығыс» автожол құрылысы жобасының бір бөлігі болып саналады.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жобаны іске асыруға жұмылдырылған құрылысшылармен және жұмысшылармен кездесті. Әңгімелесу барысында ол «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан облыстың көлік инфрақұрылымын жақсартып, инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қажетті барлық жағдайлар жасала беретінін айтты.

Жол-құрылыс кәсіпорындарының өкілдері елдің инфрақұрылымдық жаңғыртылуына арналған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылып жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

Бұл Орталық Азиядағы ең ұзын көпір өткелі. Құрылыс барысында мердігерлік жұмыстарға өңірдің шағын және орта бизнес субъектілері тартылуда. 400-ден астам жұмыс орны ашылды. Көпір өткелін пайдалануға беру Павлодар қаласының жол-көше торабының жүгін жеңілдетіп, көлік-транзит ағынын оңтайландыруға септігін тигізеді.

null 

Соңғы жаңалықтар