Елбасы: ЭКСПО-да таныстырылған технологияларды қолданысқа енгізу қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО технологияларын елімізде енгізілу жұмыстарына байланысты сын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткіздік. Сонда баламалы энергетикаға арналған 140 ғылыми жоба таныстырылды. Екі ай өтіп еді, ЭКСПО-ны өткізгенімізді ұмыта бастаған сияқтымыз. Бірден айтайын, мен оны ұмытпаймын. ЭКСПО-ны не үшін өткіздік? Қыруар жұмысты не үшін жасадық? Біз әлемнің баламалы энергетика саласындағы тәжірибелермен танысуды көздедік. Қатысушылар да келді, өз тәжірибесін көрсетті. Бұл бағыттарда міндеттер қойылды. Біз болсақ, келесі бетті аударып, ЭКСПО-ны жаба салдық», - деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жалпыұлттық телекөпір кезінде.

Мемлекет басшысы ЭКСПО-да таныстырылған технологияларды жүйелі түрде қолданысқа енгізу қажеттігін жеткізді. Осыған байланысты нақты жоспардың да болғаны жөн.

«Шетелге барып, ол технологиялардың қалай жұмыс істеп жатқанын көріп сосын өз жерімізде іске қосуымыз қажет. Осы жұмысқа толығымен Үкімет жауапты», - деп атап көрсетті Президент.

Соңғы жаңалықтар