Елбасы Данэлия Төлешованың өнеріне тәнті болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның «Голос. Дiти» байқауының финалына бір күн қалғанда Данэлия Төлешова елге келіп, Тәуелсіздік күніне арналған концертке де қатысып үлгерді. 

Бүгін жас әншімен кездескен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Елбасының жылы лебізін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы сенің өнеріңе тәнті болғанын жеткізуді сұрады. 15 желтоқсанда Данэлия Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шарада өнер керсетті. Президент те, xалық та өз ризашылығын айтып жатыр. Енді, бұл - үлкен ерлік. Данэлия 15 желтоқсанда ұшып келді де бірден концертке қатысты. Сол күні түнде Киевке аттанды. Себебі 16-сында - финал. Ұзақ жолға қарамастан, тамаша өнер көрсетіп, жеңіске жетті", - деді А.Мұxамедиұлы бүгін Данэлия Төлешовамен болған кездесуде.

Айта кетейік , кездесу кезінде министр жас әншіге өз құттықтауын жеткізіп, мини-айпад сыйлады. Сол жерде Данэлия Төлешова алдағы жоспары жайында айтып берді. 

Жас әнші туған тілінде ән айтуды қалайды .

 

Соңғы жаңалықтар