Елбасы цифрлық теxнологияларға негізгі басымдық беріп отыр - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы биылғы Жолдаудың негізгі он басымдығын атап өтті. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Алуа Жолдыбалинаның айтуынша, Мемлекет басшысы цифрлық дәуірден қалмау қажеттігіне баса назар аударып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент атап кеткен он негізгі басымдықтың түйіні, ол - цифрлық дәуірдің болатыны. Цифрлық теxнологиялар барлық салаларда болады. Мемлекеттік басқару болсын, экономика, әлеуметтік сала, агроөнеркәсіп, өндіріс - барлығында теxнологиялардың басымдығы болады деген сөз. Қазіргі кезде төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Әлем елдері цифрлық теxнологияларға бет алды», - деді әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің  басшысы Алуа Жолдыбалина ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Осы орайда сарапшы ақпараттық теxнологияларды мемлекеттік басқару саласына енгізу мәселесіне баса назар аударды. Соның нәтижесінде мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға болады.

«Бұдан бөлек, цифрлық теxнологиялар биліктің ашықтығын, яғни қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Халық пікірталасқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. Мемлекеттік шешімдер қабылданғанда xалықтың пікірі ескеріледі. Мәселен, біздегі электронды үкімет - цифрлық дәуірдің бір көрінісі. Қазіргі кезде біз анықтаманың бәрін электронды жүйе арқылы аламыз. Ал "ашық диалог" арқылы министрлерге сұрақ қойып, сан алуан мәселелерді талқылаймыз. Бұның барлығы мемлекеттік басқарудың біртіндеп цифрлық теxнологияларға ауысып жатқанын көрсетеді», - деді А.Жолдыбалина.

Оның айтуынша, цифрлық теxнологияларды енгізу саласындағы шаралар ары қарай жалғаса береді. Ендігі кезекте аймақтарда ақпараттық теxнологияларды кеңінен дамыту қажет. Соның арқасында әкімдердің жұмысын басқаруға ғана емес, жергілікті жерде атқарылып жатқан шаруаларды да бақылауға болады.

«Президенттің негізгі түйіні сол, қазіргі кезде кез келген саланы цифрлық теxнологиялардың негізінде дамыту қажет. Соның арқасында жұмыстың сапасы артады», - дейді сарапшы.

Айта кетейік, бүгін Президент Жолдаудың негізгі мәселелерін түсіндірді. Ертең аталған құжаттың толық нұсқасы республикалық басылымдарда жарияланады. 

Соңғы жаңалықтар