Елбасы Челябинскідегі форумда адам капиталының маңыздылығы туралы айтты

None
None
ЧЕЛЯБИНСК. ҚазАқпарат - Адам капиталы қарқынды дамып келе жатқан технологиялар жағдайларында аса маңызға ие. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарапшы мамандардың болжамына қарағанда, 2030 жылға дейін түрлі салалардағы мамандықтардың шамамен 60% жойылады, сонымен бірге 180-нен астам жаңа кәсіп түрі пайда болады. Адами дамуы туралы баяндамаға сәйкес, таяу бес жыл ішінде еңбек қызметтері үшін қажет болатын білім, дағдылардың үштен бір бөлігі өзгеріске ұшырайды. Бұл біз үшін үлкен сын. Оны шешу ынтымақтастығымыздың бірден-бір маңызды басымдылығы болуға тиіс»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Қазақстан «Үшінші жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатыр. Онда адами капитал сапасын жоғарлату,  адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту міндеттері қойылды.  Аталған бағдарлама  Қазақстанның 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына кіру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді», - деді ҚР Президенті. 

Соңғы жаңалықтар