Елбасы Abu Dhabi Global Market қаржы аймағында болды

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Бүгін БАӘ-ге ресми сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Abu Dhabi Global Market (ADGM) халықаралық қаржы аймағында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ХАА тілшісі.

Әбу-Дабидің жаһандық нарығы саналатын аталмыш еркін қаржы аймағы 2004 жылы БАӘ федералдық заңы аясында әл-Мариах аралында құрылған болатын.

ADGM құрылымы үш тәуелсіз органнан - қаржы қызметтерін реттеу басқармасы, тіркеу бюросы және ADGM соттары. ADGM аумағында жалпы ағылшын құқығы мен ағылшын тілі қолданылады.

ADGM бағалы қағаздармен өтетін операцияларды, көтерме сауда және банк операциялары саласында қызмет ететін, қаржылық нарықтың барлық құралдары бойынша қызметтермен, ақша аударымдары, көпшілікке арналған тауарлар мен олардың өндірісімен, тұтыну заттарын сақтау, өңдеу және жеткізумен, әуе, теңіз және теміржол көліктері арқылы тасымалдау және жүктеумен айналысатын, валюталық нарықта қызмет ететін, бағалы қағаздар нарығында ұйымдастырылған акция котировкаларын қолдаумен, несиелік және қаржылық брокерлік қызметпен, ислам банктері және исламдық қаржыландырумен, сақтандыру қызметімен, түрлі қаржы және актив қорларын құрумен, пайдаланумен, басқарумен және маркетингімен айналысатын компанияларды лицензиялауды жүзеге асырады.

ADGM барлық қаржылық қызметтерді көрсетеді және Азия мен Еуропа нарықтары арасындағы көпірге айналды.

ADGM шикізат жеткізушілерінің, тауарөндірушілердің, сонымен қатар ішкі және аймақтық қызмет көрсету компанияларының барлық талаптарына жауап беретін жаңа қаржылық өнімдерді ұсынған өңірдегі ең ірі қаржылық аймақ.

ADGM Директорлар кеңесінің төрағалығына бұрын Dolphin Energy компаниясының атқарушы директоры, Masdar компаниясының директоры, Abu Dhabi Media төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған Ахмед Али ас-Сайех (Ahmed Ali Al Sayegh) тағайындалған. 

Соңғы жаңалықтар