Елбасы Абдуллах ибн Мұхаммед Әл-Шейхпен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің аш-Шура Меджлисінің басшысы Абдуллах ибн Мұхаммед Әл-Шейхпен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясының өзара қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті. Елбасы қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асатынына сенім білдірді.

Абдуллах ибн Мұхаммед Әл-Шейх Нұрсұлтан Назарбаевты екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту үшін барынша күш салатынына сендірді. 

Соңғы жаңалықтар