Ел өңірлеріндегі тұман сәрсенбі күні де сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, елдің тек оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі. 

Кей жерлерді тұман басады, оңтүстікте көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.  

Ақмола, Солтүстік Қазақстан,  Қостанай,  Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан,  Маңғыстау облыстарында, түнде Алматы облысының жекелеген жерлерінде тұман болжанады.

Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар