Ел кубогі үшін жарыста батысқазақстандық шорттрекшілер табысты өнер көрсетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 20-23 қазан аралығында Алматы қаласында шорт-тректен ҚР кубогінің екінші кезеңі өтті.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, алдағы жылы Алматыда өтетін 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада қарсаңындағы тестілеу жарысы болып есептелетін додада батысқазақстандық шорттрекшілер табысты өнер көрсетті. Ерлер арасында құрамында Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Әділ Қырымгереев, Айбек Қадыров, Ғалым Хасанов бар БҚО құрамасы 5 мың метрлік эстафеталық жарыста жеңімпаз атанды. Ал Анита Нагай, Гүлнұр Ғаниева, Нұржанар Жұмағалиева, Ғалия Жұмағазиева, Жанерке Қадимовадан құралған әйелдер командасы 3 мың метрлік эстафетада екінші орынды еншіледі.

null  

Жекелей сында 500 метрлік қашықтықта Анита Нагай үшінші, Әділ Ғалиахметов екінші орынды иеленді. Ал 2 мың метрлік қашықтықта Әділ Ғалиахметов мәре сызығын үшінші болып қиды.

Батысқазақстандық шорттрекшілерді Максим Лозовой мен Данабек Қайыров жаттықтырады.

Айта кетейік, Орал қаласында шорт-трек спорты жақсы дамыған. Негізінен батысқазақстандықтардан құралған ҚР ерлер құрамасы Сочи олимпиадасында 5 мың метрлік эстафеталық жарыста бесінші орынға табан тіресе, өткен жылы Анита Нагай Норвегияның Лиллехаммер қаласында жасөспірімдер арасында өткен қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын. 

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар