Эль-Классиконы «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирінде сағат 21.10-де Испания чемпионатының 14 туры (Эль-Классико) көрсетіледі, деп хабарлайды «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Стратегиялық маркетинг департаменті.

«Камп Ноу» стадионында ең мықты испандық футбол клубтары «Реал» мен «Барселона» өнер көрсетпек.

Бұл екі ұжым - Испания чемпионы атануға негізгі үміткерлер. Дәл қазір Ла Лиганың турнирлік кестесінде «Реал Мадрид» көш бастап тұр. Корольдік клуб 13 турдан кейін 33 ұпайға ие. Ал, «Барселона»  27 ұпайымен 2-ші орында келе жатыр. 

Соңғы рет екі клуб 2 сәуір күні каталониялық команданың «Камп Ноу» стадионында кездесіп, Зиданның шәкірттері 1:2 есебімен басым түскен болатын.

Сондай-ақ, ойын матчының тікелей көсетілімі kaztrk.kz сайтында өтеді.  

Айта кетерлігі,  «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «Кazsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты kaztrk.kz. 

Соңғы жаңалықтар