Ел игілігіне қызмет ету - парызымыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы маңызды тезис­тердің бірі тарих пен мәдениеттің ауқымдылығын сақтаудан және ұғынудан тұрады. 

Жаңа технологиялар жасалынатын болады, жаңалықтар ашылатын болады, бірақ Қазақстан халқына жаңа жасампаз істер мен жеңістерге тың күштер бере отырып, рухани құндылықтар мен іргелі білімдер, негіз өзгеріссіз қалады. Өйткені, Президент бағдарламасы өзінде қазақстандық ұлттық мінездің, ұлттық басымдықтардың, азаматтың жоғары стандарттарының із-таңбаларын қамтып отыр ғой. Президент орталық және негізгі бағыт­тарды таңдап алды, олар: ғылым, мәдениет, білім, рухани құндылықтар. Бұл - Қазақстан қоғамының бірі­гуінің және нығаюының жаңа тұжырымдамасы.

«Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Расул Ахметов «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында осындай пікір білдірген.

«Бағдарламаны іске асыру өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм, азаматтық бірегейлік және бүкіл Қазақстан халқының қоғамдық келісімі сезімдерін одан бетер нығайтатын болады. Әрине, патриотизм туған тарих пен мәдениеттен, ана тілінен, туған отбасынан өнеді. Белсенді жасампаз патриотизм елдің жетістіктерімен, біздің заманымыздың қаһармандарының нақты істерімен қуаттанып, нығайтылуға тиіс. Бағдарламада «біздікінің барлығы» көрініс тапқан деп санаймын, өйткені онда біздің Отанымыздың - Қазақстан Республикасының игілігіне жұмыс жасап жатқандар үшін ең маңыздысы, ең құндысы және жақыны жиналған емес пе. Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының көшбасшысы ретінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы - бұл біздің еліміздің жас­тары үшін жол картасы екендігін айтамын! Бұл жоспарлар, сөз жоқ, ұлттық экономикаға және қазақстандықтардың әл-ауқатына қолайлы әсерін береді. Ең бастысы - оларды сапалы атқарып шы­ғу. Бұл өз кезегінде мүлдем бірегей жасам­паздық рухын тудыратын болады! Маған мұндай ауқымдағы және осын­шама қоғамдық маңызы бар бағ­дарламалар ұлтты бекемдейтін, аза­мат­тық бірегейлікті нығайтатын өзіндік ұлттық желі бола бастайтындай болып көрінеді. Өйткені, Отан - бұл тек жер, ортақ аумақ қана емес, отандастар - ортақ мәдениетті, тілді, дәстүрлерді таратушылар да емес пе. Қоғамда Президент мақаласын кеңінен талқылауды өрістету керек. Талқылау азаматтық қоғамның құры­лымдарына көшуге тиіс. Бұл бағытта ҚХА азаматтық қоғамдағы қозғаушы күш және Елбасының барлық идеялары мен бағдарламасын Қазақстан халқына тиімді жаюшы ретінде өте маңызды рөл атқарып шықпақ. Мен жастардың міндеті - біздің алдымызда ересек буын қойып отырған және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқын белгіленіп көрсетілген міндеттерді түсіну және зерделеу деп ойлаймын. Бұл алдындағы тәжірибені біз көшіріп алуға және «дәлме-дәл» қайталап шығуға тиіспіз дегенді әсте білдірмейді. Өзінің алуан түрлілігімен және жылдам дамуымен өмірдің өзі де бұған ерік бермейді. Ал жастарға әлемдегі жағдайды байқау, жалпы дүниежүзілік үрдістерді қадағалау, тұжырымдар жасау және оларды мемлекет бағытымен, оның бізге ересек буын эстафета секілді табыстайтын даму картасымен салыстырып қарау қажет»,-дейді ҚХА мүшесі. 

Соңғы жаңалықтар