Экзотикалық балықтар балалар тағамы үшін пайдалы - балық өсіруші

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Ұйғыр ауданында Африка балықтары жерсіндіріле бастады. Тиляпия және африкалық жайын осы ауданда жер астынан шығатын ыстық қайнарларда өсірілуде. Шаруа иесінің сөзінше, бұл балық түрлері əсіресе балалар тағамы үшін пайдалы. Себебі, қылтанағы аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2015 жылы іске қосылған шаруашылық айына 1,5 тоннаға жуық балық етін облыс аумағына және Алматы қаласына өткізіп келеді.



Тапсырыстың басым бөлігі мейрамханалардан түседі екен. Аталған тіршілік иесі 28-29 градус нөлден жоғары температурада емін-еркін өмір сүреді. Себебі тиляпияның негізгі отаны Африка және тропиктік елдер. Қазіргі шаруашылықта 12 мың бас тиляпия мен 17 мың бас африка жайыны өсірілуде. Сондай-ақ кəсіпорында 500 мыңнан аса шабақ бар. Бұл балықтардың бір ерекшелігі жарты жылда тауарлы салмағына жетіп, сатуға жарамды болады.

Экзотикалық балық түріне сұраныс та жоғары. салыстырмалы түрде Қытай еліндегі балық экспортының 50 пайызы, Израильде 40 пайызын осы тиляпия құрап отыр.

 

«Басқа балықтарға қарағанда африкалық жайын (африканский сом) оттегіні аса көп қажет етпейді. 1 литр суға 3-5 мг оттегі жетіп жатыр. Дәл осындай ортада бұл балықтар тәулігіне 3-4 гр салмақ қосып отырады. Ал теляпия үшін оттегі аса қажет. 1 литр суда кемінде 8 мг оттегі болуы тиіс. Бұл тіршілік иелерінің қылтанағы аз. Балалар тағамы үшін жақсы деп айтқым келеді» дейді кəсіпорынның басқарушы директоры Ялкунжан Юнусов.

Мамандардың айтуынша, бұл балықтың өзге балықтан дәмі де, түсі де өзгеше. Тіпті кей елдерде тиляпияны су тауығы деп те атайды. Себебі етінің дәмі тауық етіне жақын. 

 

Соңғы жаңалықтар