Экстремистік идеологияны насихаттағаны үшін екі қарағандылық жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экстремистік идеологияны насихаттағаны үшін екі қарағандылық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық Ішкі саясат басқармасының БАҚ бөлімі.

Дәстүрлі емес исламды ұстанатын Қарағандының екі азаматы «Telegram» интернет-мессенджерінде экстремистік материалдарды белсенді түрде таратып, заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан. Қарағанды қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Жекенов пен Дәкенбаевты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінің 490-бабы 1-тармағы 3-тармақшасы бойынша әкімшілік жауапқа тартты. Жекенов 50 АЕК, ал Дәкенбаев - 70 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Екеуі де өз кінәсін толықтай мойындады.

Ақпан айында Сәтбаев қаласында «Иегова куәгерлері» қауымының өкілдері Жұмкенов мен Исманов заңсыз миссионерлік қызметпен айналысып, діни кітаптарды таратқаны үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеу арқылы әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР заңнамасына сәйкес, әлеуметтік желілерде діни радикалдық идеологияны таратуға, сондай-ақ заңсыз миссионерлік қызметпен айналысуға және арнайы діни сараптамадан өтпеген діни кітаптарды таратуға тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар