ЭКСПО: Ұзақ өмір сүретін адамдарымен танымал Сардиния өкілдері жобаларын таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Сардиния өңірі қазақстандықтарға жел, күн және су энергиясын пайдалану тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, бұл арал туристік ерекшеліктерімен және ұзақ өмір сүруші адамдардың көптігімен танымал.  Сардиния аралы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында италиялық павильонда өзінің аптасын ашты. 

Аралдан келген делегаттар қалдықтарды өңдеудің толық тізбегі жайында әңгімелеп, суды үнемдеу мен органикалық өнімдерді өсіру, сондай-ақ жаңаратын энергия көздері бойынша өздерінің тәжірибесімен бөлісті.  Соңғы жиырма жылда бұл елде таза энергия көздеріне ерекше мән беріліп отыр.

null

Сардинияғы өмір сүру салты аясында таныстырылым жасаған спикерлер аралда енгізіліп жатқан тың жобалардан мәлімет таратты.

«Сардиния танымал туристік орындардың бірі. Осы орайда біздің арал ғалымдардың, суретшілер мен өнердің өзге де қайраткерлері үшін сүйікті жерге айналып отыр»,- деді Сардинияның туризм бойынша кеңесшісі Барбара Арджиолас.

null

Айта кетейік, апта бойы Италия павильонында Сардинияның белгілі жобалары таныстырылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар