ЭКСПО туы Халықаралық көрмелер бюросына тапсырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО» көрмесінің туы салтанатты түрде Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының президенті Стин Кристенсенге табысталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көрме туын қадірлі қонаққа көрменің жабылу салтанатының құрметіне орай ұйымдастырылған шоудан кейін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов тапсырды.

Айта кетерлігі, Халықаралық көрмелер бюросының туы Қазақстанда 90 күн бойы сақталған болатын.

Өз кезегінде Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес видео арқылы осындай ауқымдағы шараны абыройлы өткізгені үшін Қазақстан басшылығы мен халқына зор алғысын білдірді.

Көрменің жабылу салтанатына орай өткізілген шоуда айтылғанындай, көрме өткізілген 3 ай уақытта 33 мың әртіс Астанада өнер көрсетіп, көрмеге 180 елдің меймандары келіп қайтқан. 4,5 мың ерікті еңбек етіп, қонақтар 100 млн фотосурет түсірген. Көрме аумағында 88 ұсыныс жасалып , жас отбасылар жаңа өмір бастаған. Өз кезегінде ғалымдар 153 өнер туындысын таныстырған.

Соңғы жаңалықтар