ЭКСПО өтетін жылы Павлодар облысында шыбын-шіркей болмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі жылы Павлодар облысында шыбын-шіркеймен күреске бөлінетін қаражат көлемі төрт есе өспек. Бұл туралы журналистермен бейресми кездесу барысында облыс әкімі Болат Бақауов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

  - Биыл шыбын-шіркейлерге қарсы күреске 143 миллион теңге қарастырылса, 2017 жылы 602 миллион теңге бөлуді жоспарлап отырмыз, - деді өңір басшысы. - Осылайша, "ЭКСПО" көрмесі өтетін жылы өңірде жәндіктердің бұл түрі күрт азаймақ. Аталмыш жұмыспен айналысатын мердігерлерді алдын ала белгілейтін боламыз. Негізі, бұл конкурсты қараша-желтоқсан айларында өтсе деп ойладым, бірақ мерзімі біраз шегерілді. Зертханалар да ертерек облыстағы жағдай бойынша ескерту жасайды. Біздің өңір үшін бұл өте маңызды. Павлодар облысына туристерді тарту керек және осы мәселеде еш нәрсе кедергі болмау керек».

Естеріңізге сала кетсек, биыл Ертіс өзенінің тасуы соңғы 15 жылда рекордтық көрсеткішке жеткен болатын. Соның салдарынан павлодарлықтар екі мәрте шыбын-шіркейдің астында қалды. Көктемде өзенге 19 тонна «Бактицит» биологиялық дәрі-дәрмегі құйылды. Алайда, бұл дәрінің облыста шыбын-шіркейдің санын азайтуға септігі болмады.   

Соңғы жаңалықтар