ЭКСПО-ны көруге келетін 40 мың оқушыны жатақxанаға орналастырамыз - Исекешев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, алдағы ЭКСПО көрмесі кезінде Астанаға мыңдаған мектеп оқушылары келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"ЭКСПО көрмесін көруге барлық аймақтардан 40 мыңға жуық мектеп оқушысы келеді. Біз осы жұмысты облыстармен пысықтап шықтық. Қазіргі кезде 10 жатақxана дайын тұр. Тамақ пен көлік қатынасы реттелді. Әрбір облыстан келетін мектеп оқушылары Астанада екі күн аялдайды. Бірінші күні олар көрмені көрсе, екінші күні қаланы аралайды", - деді Исекешев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, онлайн байланыс арқылы есеп берген Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов та ЭКСПО-ға 15 мың баланың жіберілетінін жеткізді. Алайда билет пен жол шығындары кімнің есебінен өтелетінін айтпады .  Ал Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, қалада тұратын 3 мың бала ЭКСПО-ға жергілікті бюджеттің есебінен жіберіледі. 

Соңғы жаңалықтар