ЭКСПО-ны көріп кету көрсеткіші 2 млн-нан асты - Аxметжан Есімов

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Еуразиялық медиа форумның ашылуына қатысқан "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының президенті Аxметжан Есімов көрмеге қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 күннің ішінде ЭКСПО маңызды мәселелер талқыланатын алаңға айналды. Көрменің өзіне қызығушылық жоғары. Осы уақытқа дейін ЭКСПО-ға 300 мыңнан астам адам келіп кетті. Ал көрмеге келіп кету  көрсеткіші 2 миллионннан асты. Демек, осы динамика сақтала берсе, біз бастапқы жоспарымызды орындай аламыз. Ол - 2 млн адам және сол адамдардың 5 млн мәрте келіп кетуі", - дейді Аxметжан Есімов.

Айта кетейік, осы аптаның басында 19 қыркүйекте өткен баспасөз мәслиxатында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың павильондарға адамдардың кіріп шығу көрсеткішінің 1 млн 57 мыңнан асқанын мәлімдеген болатын . 

Соңғы жаңалықтар