ЭКСПО: Маңғыстау облысында іске асырылатын тың жобалар белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» аумағындағы «Kazakh Invest» павильонында инвестициялық форум өтті. Шара барысында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Маңғыстау облысының экономикалық бағыттағы үлкен мүмкіндіктерін байқап отырсыздар. Сондықтан алдағы уақытта біздің өңірде бірге келіссөздер жүргізуге дайынбыз. Қысқа уақыттың ішінде 25 мемлекеттің өкілі облысқа келіп, қарым-қатынас жасауға ниет білдірді. Сондықтан бұл елдермен  экономикалық әрі әлеуметтік салада тікелей байланыстарды дамыту мәселесін пысықтаудамыз",-деді Е. Тоғжанов форумға келген шетелдік инвесторларға қаратып айтқан сөзінде.

Осы орайда өңір басшысы инвестициялық форум аясында бірнеше мемлекеттің компанияларымен өзара уағдаластықтар жасалғанын атап өтті.

"Ең үлкен жобалардың бірі болып саналатын "Нұр жол" аясында сіздермен бірлескен шараларды жүзеге асыруға дайынбыз. Осы ретте Маңғыстау облысының транзиттік мүмкіндіктерін арттыруға жаңа серпін береді",-деді облыс әкімі.

Атап айтқанда, бүгінде өңірдің облыстың инвестициялық портфелінде жүзеге асып жатқан 49 жоба және 2 млрд. АҚШ доллар сомасына бірнеше жобаны іске асыру көзделген. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы іске қосылғаннан бері 74 млрд.теңге инвестиция тартылып, 231 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Бюджетке 19 млрд.теңге көлемінде салықтар төленді. Аймақта 12 мекеме белсенді қызмет етуде және мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Сонымен, форум барысында Ералы Тоғжановтың қатысуымен бірқатар құжаттарға қол қойылды.

«СITIC Group Corporation» корпорациясының өкілдері Маңғыстау облысы Қаражанбас кен орнында су тұщыту зауытын салу жобасын іске асырмақшы. Осы мақсатта өңір басшысы Ералы Тоғжанов пен шетелдік компания басшысы арасында екі жақты меморандумға қол қойды.

Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов Италия елінің өкілімен Лонига қаласы арасында серіктестік жөніндегі меморандумды бекітті.Мақсат - қос қаланың мәдени салада байланыстарын нығайтып, туризм және әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуына ықпал ету, тәжірибе алмасу.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен Фин елінің «Варсила» мекемесі Маңғыстауда 250 мегаваттық электрстанциясын салу жөнінде келісімшартқа қол қойды.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар