ЭКСПО: Қызылордалық шахматшы бір мезгілде 15 тақтада сеанс өткізді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 14 тамыз күні Астанадағы шахмат клубында қызылордалық шахматшы Әсел Серікбай бір мезгілде 15 тақтада сеанс өткізді. Оған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады

«Бірнеше күннен бері елордада Қызылорда облысының мәдени күндері өткізіліп жатыр. Соның аясында қызылордалық шахматшы Әсел Серікбайдың бір мезгілде 15 тақтада сеанс өткізу бағдарламасын енгізіп отырмыз. Шахмат ойынының адамзат тарихында үлкен орны бар. Бұл ойын зерделілікті, терең қиялды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі кездесу, бүгінгі ойын жас шахматшыларға ерекше әсер қалдырады деген ойдамыз,- деді Руслан Рүстемов.
null

Әсел Серікбай - шахматтан облыс тарихында алғашқы ФИДЕ шебері, жасөспірімдер және жастар арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер арасында 3 дүркін Азия, оқушылар арасында 2 дүркін әлем чемпионы. Әсел осымен екінші мәрте сеанс өткізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз күндері Қызылорда облысының мәдени күндері өтті.

 

Соңғы жаңалықтар