ЭКСПО көрмесінің ашылуына Сербия президенті келеді деп күтілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатын Сербия Президенті Александр Вучич келеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар шет мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сербия Республикасымен қарым-қатынасымыз жүйелі дамып келе жатқанын білесіздер. Саяси дәрежеде өте үлкен ынтымақтастық және сенім бар. Президент Александр Вучичпен жақын арада кездескенмін. ЭКСПО-ның ашылуына келеді деп күтіп отырмыз», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы  Қазақстан мен Сербия байланысын нығайтуға соңғы екі жылда жоғары деңгейде өткен сапарлар тың серпін бергенін баса айтты.

«Екіжақты саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтасты дамытудың әлеуеті өте зор. Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің  ашылу салтанатына сіздердің президенттеріңіздің  келуін күтеміз деп тағы да айтқым келеді», - деді Елбасы Сербия Елшісіне қарата.

Соңғы жаңалықтар