ЭКСПО кезінде қытайлықтарға жатын орын жетіспеуі мүмкін - елші Ханьxуэй

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьxуэй Астанадағы ЭКСПО кезінде қытайлықтарға жатын орындардың жететініне күдіктеніп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Дәл қазір Астанадағы ЭКСПО-ға келетін қытайлықтардың нақты санын айта алмаймын. Дегенмен, біз өзіміздегі туристік агенттіктерді осы жұмысқа жұмылдырып, өзара байланыс орнатып алдық. Ол - бір. Екіншіден, қытайлық туристер псиxологиялық жағынан Қазақстанға келуге әзір. Былайша айтқанда, олар Қазақстанға баруды асыға күтіп отыр, көрші әрі дос болып отырған мемлекетке келуге ниетті. Үшіншіден, ЭКСПО-да біздің делегациямыз ең үлкен топпен келеді. Себебі көрме аясында қытайлықтар біраз шараларды өткізеді. Үкімет өкілдері, жергілікті билік мүшелері, бизнесмендер - бәр-бәрі келеді", - дейді Ханьxуэй.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ЭКСПО-ға барамын дейтін қытайлықтар келіп, тіркеу рәсімдері, тамақ пен жатын орындары жайында жиі сұрайды. "Мен «отель жағынан қиын болатын сияқты, себебі көрмеге біраз делегациялар келейін деп жатыр» деп айтамын", - деді елші.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында Чжан Ханьxуэй Қытайдың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, Қытайда жыл сайын 13,1 млн. жаңа жұмыс орыны ашылып тұрады . 

Соңғы жаңалықтар