ЭКСПО-қалашықтың пәтерлері қашан сатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-қалашықтың тұрғын үйлері мен автотұрақтары сату үшін 2018 жылдың 1 қаңтарынан кейін ғана «Бәйтерек девелопмент» АҚ-қа қайтарылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ағымдағы жылдың желтоқсанына дейін «Бәйтерек девелопмент» АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясынан жалға алушы ретінде қала бермек. Сондықтан да ондағы пәтерлер биыл сатылмайды.

ЭКСПО-қалашық Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының иелігіне берілген-ді. Жоба аяқталған соң осы құжатқа сәйкес жылжымайтын мүлікті сату үшін қалашық акционерлік қоғамға қайтарылуы тиіс болатын.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арнап салынған басқа нысандар, соның ішінде «Нұр Әлем» павильоны музей кешені ретінде пайдаланыла береді. С3 және С4 халықаралық павильондарына Астана Халықаралық қаржы орталығы орналасады, С1 - «Job World» адам ресурстарын дамыту білім беру орталығы, D1 - «Жасыл» технологиялар халықаралық орталығы, D4 - халықаралық IT-технопарк еншісіне беріледі.

«Көрме аумағына орналасқан (коммерциялық негізде - ред.) ұйымдар туралы ақпарат павильондар жөнделіп, ғимараттар жалға берілгеннен кейін белгілі болады», - делінген «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына берген жауабында.

Соңғы жаңалықтар