ЭКСПО-қалашықта 342 пәтер алдын ала брондалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде шетелдіктер ЭКСПО-қалашықтағы 342 пәтерді алдын ала резервке тіркеткізді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ербол Шорманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазіргі уақытта бізде 342 пәтер резервтелді және бұл үдеріс жалғасуда. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысында барлық өкілдерге осы мәселеде белсенділік танытуға шақырдық. Атап айтқанда, олар бұл пәтерлерді дер кезінде брондауы тиіс»,-деді Шорманов.

Оның сөзіне қарағанда, Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырудағы қол жеткізілген жетістіктерді жоғары бағалады.

Айта кетейік, ЭКСПО аумағында 1 374 пәтерді қамтитын қалашық салынды. Халықаралық көрме кезінде Астанада Ұлттық секциялар комиссарлары, павильон қызметкерлері үш ай бойы осы пәтерлерде тұрғылықты орынмен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Сонымен қатар шетел меймандарына қолайлы болуы үшін Қазақстан 45 мемлекетке визасыз режімді енгізді. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі ағымдағы жылдың 10 маусымында басталып, 10 қыркүйекте аяқталатын болады.

Естеріңізге салсақ, 22 ақпанда елордадағы Тәуелсіздік сарайында ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысы өтті.  

Соңғы жаңалықтар